05 Қаз 2020
Материал №22 Баймукано

Мектеп формасы

2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабының 14-1 тармақшасына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы  №26 бұйрығына,2017 жылғы 30 мамырдағы ата-аналар жиналысының шешіміне сәйкес мектеп формасының мектепішілік

ЕРЕЖЕСІ

Мектеп формасының үлгісі классикалық ситльде тігіледі және барлық 1- 11 сынып оқушылары үшін бірыңғай мектеп формасы болып есептелінеді.

Ұл балалардың мектеп формасы:

Белгіленген үлгіде қара костюм (пиджак, шалбар) мерекелік жейде, күнделікті ақ жейде.

Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Классикалық қара туфли.

Қыз балалардың мектеп формасы:

Белгіленген үлгіде қою көк түсті жилет, юбка, классикалық ақ жейде, бас киімсіз,ақ бантик. Шаш  екіге бөліп өріледі. Өкшесіз қара түсті (туфли) аяқ киім.